БОЛАШАҚ БІЛІМ БЕРУ МЕНЕДЖЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ ЖЕТІСТІГІНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУ

Автор(лар)

  • Жунусбекова А. Казахский национальный педагогический университет имени Абая
  • Аскаркызы С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.015

Кілт сөздер:

интеллект, эмоционалды интеллект, табыс, кәсіби табыс, білім беру менеджері, білім беру ұйымы., интеллект, эмоционалды интеллект, жетістік, кәсіби жетістік, білім беру менеджері, білім беру ұйымы, білім алушылар, дамыту

Аннотация

Жазылған мақаланың мақсаты – болашақ білім беру менеджерлерінің кәсіби табысының негізі ретінде эмоционалды интеллектінің дамуын зерттеу. Авторлар эмоционалды интеллект ұғымын, оның білім беру жүйесіндегі рөлін, сондай-ақ болашақ білім беру менеджерлерінің эмоционалды интеллектілерінің деңгейлерін анықтауға мүмкіндік алды.

Зерттеу нәтижелері эмоционалды интеллект және оның білім берудің технологиялық контекстінде кәсіби даму мен табысқа әсері туралы теориялық түсініктерді кеңейтуге мүмкіндік береді.

Көптеген авторалардың еңбектеріне жасалған талдау тәжірибелік білім беру менеджерлері кәсіби табыстарын арттыру, коммуникация және көшбасшылық дағдыларын жақсарту үшін пайдалана алады. Мақалада сонымен қатар білім беру саласындағы эмоционалды интеллект контексті қарастырылған, ол педагогтар мен білім беру жетекшілеріне эмоционалды қолдау көрсететін білім беру ортасын құру үшін көмектеседі.

Авторлар мақала көлемінде  жүргізген зерттеу жұмыстары болашақ білім беру менеджерлерінің эмоционалды интеллектерінің қалыптасу деңгейлерін анықтауға бағытталған. Зерттеу барысында Н.Холлдың эмоционалды интеллект тесті пайдаланылды. Сынақ Google Drive бағдарламасы арқылы жүргізілді. Бұл әдіс эмоцияларда бейнеленген жеке қарым-қатынастарды түсіну қабілетін анықтауға және шешім қабылдау негізінде эмоционалды саланы басқаруға арналған. Әдістеме эмоцияларыды тануға, оларды басқаруға және әрбір нақты жағдайда сезімдерді тануға мүмкіндік беретін жеке сипаттама ретінде эмоционалды интеллекттің жалпы теориялық тұжырымдамаларына негізделген.

Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, авторлар болашақ білім беру менеджерлерінің эмоционалды интеллектілерінің дамуы білім беру ұйымдарындағы ұйымдық мәдениет пен климатқа оң әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Бұл білім сапасын жақсартуға және білім алушы студенттердің оқу нәтижелерін жақсартуға көмектесуі мүмкін. Сондай-ақ эмоционалды интеллектіні дамыту педагогикалық ұжымның стресс және шаршау сияқты эмоционалдық-психологиялық мәселелерін жеңуге көмектеседі, бұл олардың студенттермен және әріптестермен жұмысына оң әсер береді деп атап көрсетеді.

Қорытындылай келе, авторлар мақаланың ғылыми-тәжірибелік маңызы бар екенің, сонымен қатар білімге және жалпы қоғамға әлеуметтік әсер ету тұрғысынан да маңыздылығын сипаттады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-28

Жоба

Раздел

Статьи