БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ ПРОЦЕСІНДЕ АРАЛАС ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.75.4.026Кілт сөздер:
аралас оқыту, болашақ математика мұғалімдері, онлайн ресурстар, оқытудың инновациялық әдістері, технологияларды пайдалану ерекшеліктері, алгоритм, электрондық білім, мобильдік технологияларАннотация
Елімізде білім берудің цифрлық трансформациясы жүріп жатқан кезде болашақ педагогтерді даярлау процесіндегі елеулі өзгерістердің бірі – білім алушылардың өз бетінше білім алуына ықпал ететін жаппай ашық онлайн-курстарды пайдалану. Осы тұста аралас оқыту технологиясын жоғары оқу орындарында қолданудың теориясы мен практикасын талдау және талқылаудың қажеттілігі зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу жұмысы дәстүрлі оқыту мен онлайн оқытудың интеграциясы ретінде қарастырылатын аралас оқыту технологиясын қолдануға бағытталған, бұл жоғары оқу орындарында, заманауи білім беру саласында өте маңызды.
Мақалада аралас оқытуды зерттеуге байланысты шетелдік ғалымдардың теориялық тәсілдері мен модельдерін сипаттау және болашақ математика мұғалімдерін оқытуда аралас оқыту технологиясын қолданудың негізгі ерекшеліктерін анықтау мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, аралас оқыту технологиясын қолдану кезінде әртүрлі ресурстарды мұқият дайындауды және пайдалануды талап ететін, заманауи білім берудің қиындықтарына дайын жоғары білікті мұғалімдердің дамуына ықпал ететін математикалық сабақтарды дайындау және өткізу алгоритмі ұсынылды. Бұл тәсіл мұғалімдерге әртүрлі оқу стильдеріне сәйкес келетін, критикалық ойлау дағдыларын дамытатын және шығармашылыққа ынталандыратын орта құруға мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты –болашақ математика мұғалімдерін даярлауда аралас оқыту технологиясын қолданудың негізгі ерекшеліктерін анықтау және аралас оқыту жағдайында математикалық сабақтарды дайындау және өткізу алгоритмін жасау. Зерттеу нәтижесінде, аралас оқыту студенттер белсенді қатыса алатын, оқуды жекелендіретін және әртүрлі білім беру ресурстарына қол жеткізе алатын икемді және тиімді білім беру ортасын құрудың бірегей мүмкіндіктерін ұсынады деген қорытынды жасалынды. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелері болашақ мұғалімдердің инновациялық технологияларды меңгеру дағдыларын жетілдіруге және қазіргі оқу ортасында тиімді жұмыс істеуге үйретуге бағытталған.