БОЛАШАҚ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КАРТОГРАФИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.73.2.002Кілт сөздер:
географиялық карта;, картографиялық білім мен білік;, картографиялық сауаттылық;, , картографиялық білім беру ресурстары, кәсіби құзыреттілік,, картаны түсіну, картаны оқу, картографиялық іс-әрекетАннотация
Мақалада болашақ география пәні мұғалімдерінің картографиялық сауаттылығын қалыптастыру мәселелері талданған. Табиғат пен қоғам арасындағы орын алып жатқан құбылыстар мен үдерістер туралы мәлімет беретін ақпарат көзі бұл карта болып табылады. Географиялық зерттеулер карталарға негізделіп жасалады. Кез келген зерттеу картамен басталып, картамен аяқталуы керек. Сондықтан география пәні мұғалімдерінің әрбір іс-әрекеті географиялық картамен өте тығыз байланысты болып келеді. Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының оқу нәтижелерінде болашақ география пәні мұғалімдерінің географиялық картаны дұрыс пайдаланып, талдай білу дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Картографиялық сауаттылық мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің аса маңызды құрамдас бөлігі саналады. Зерттеудің мақсаты - болашақ география пәні мұғалімдерінің картографиялық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістерін анықтау. Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін талдаудың негізінде «картографиялық сауаттылық», «картаны түсіну», «картаны оқу», «картаны білу» ұғымдарының мағынасы мен мәні ашылады. Картамен жұмыс жасау дағдыларын анықтау мақсатында жүргізілген педагогикалық бағытта білім алатын студенттерінің тест тапсырмаларының нәтижесі талданған. Картографиялық сауаттылық құрылымындағы картаның түрлері, географиялық картаның мазмұны, картамен жұмыс жасау, картометриялық жұмыстар, картаның масштабы, картадан ақпаратты алу, номенклатураға байланысты тапсырмалар, кескін картамен жұмыс жасау дағдылары талданып көрсетіледі. Картографиялық сауаттылықтың құрамдас бөлігі ретінде картографиялық білім беру ресурстары, географиялық нысандар мен құбылыстардың сандық және сапалық сипаттамалары айқындалады. Болашақ география пәні мұғалімдерінің картографиялық сауаттылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері анықталды: картаны негізгі зерттеу нысаны ретінде қарастыру, географиялық картаны дұрыс пайдаланып, талдай білу, картаны ғылыми-зерттеу құралы ретінде қолдану. Зерттеу жұмысында педагогикалық және ғылыми әдістерді пайдалана отырып, картографиялық сауаттылықты қалыптастыру бағытындағы дереккөздерге шолу жасалып, тест тапсырмаларына, зерттеу нәтижелеріне талдаулар мен тұжырымдар жасалады.