PROJECT BASED LEARNING (PBL) ТЕХНОЛОГИЯСЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.75.4.032Кілт сөздер:
бастауыш сынып оқушысы, жобалау технологиясы, шығармашылық қабілет, инновациялық жоба, көрме, сыни ойлау, жаңа идея, іс-әрекетАннотация
Қазіргі білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыратыруда project based learning (PBL) технологиясы негізінде шығармашылықты қалыптастыру мәселесі өзекті әрі зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі. Мақалада project based learning (PBL) технологиясы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың құралы ретінде қарастырылады. Зерттеудің өзектілігін анықтау мақсатында білім беру стандартына, жолдауға, оқу бағдарламаларына және «шығармашылық іс-әрекет» ұғымын нақтылау мақсатында ғалымдардың зерттеулеріне талдау жүргізіп, зерттеудің теориялық негіздері айқындалды. Сондай-ақ, «шығармашылық іс-әрекет» ұғымына авторлық анықтама ұсынылып, шығармашылықтың негізгі кезеңдері нақтыланды. Project based learning технологиясының ерекшеліктері мен артықшылықтары қарастырылды.
Зерттеуге Шымкент қаласындағы №49 жалпы орта мектебінің 2 сыныптың 63 оқушысы қатысты. Оның 31 оқушысы - бақылау сыныбы, 32 оқушысы - тәжірибелік сынып ретінде іріктелді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс 2023-2024 оқу жылының І, ІІ тоқсан аралығында іске асты. Эксперименттің анықтау кезеңінде сауалнама әдісі шығармашылықты қалыптастыруға деген көзқарасын анықтауға мүмкіндік берді. Қалыптастыру кезеңі үш қадам негізінде іске асырылды: бірінші - көрме жобасын ұйымдастыру, екінші - бірнеше жобаларды ұйымдастыру, үшінші - сыни пікір білдіру. Project based learning техологиясы арқылы шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру - жобаны әзірлеудегі шығармашылық әрекетін, оқу қызметіндегі жаңа өнімін, жаңашылдық идеясын, сыни пікір білідіре алуын, оқудың кеңейтілген мүмкіндіктерін игере білуін, зияткерлік және практикалық дағдыларын қамтамасыз етеді. Ендеше, қалыптастыру кезеңінде жүргізілген жұмыстардың тиімділігін анықтау мақсатында бақылау кезеңінде қайта сауалнама алынып, нәтижесінде эксперименттік сынып пен бақылау сыныбының арасында айырмашылық байқалды. Демек, біздің эксперименттік сыныпқа ұсынған жұмыстардың тиімділігі дәлелелденді деуге негіз бар.