ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ

Автор(лар)

  • Акпарова Ж.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.63.4.009

Кілт сөздер:

құзыреттілік, цифрлық құзыреттілік, білім берудегі цифрлық құзыреттіліктің маңызы, педагог, педагогтың цифрлық құзыреттілігінің мәселелері

Аннотация

Мақала цифрлық технологияларды қолдану арқылы Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсарту мәселелеріне, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада ел экономикасын дамытудың жаңа траекториясына көшу, цифрлық экономиканы құру, білім беруді қашықтықтан оқытуға көшу аясында әлемдегі қазіргі пандемиялық жағдайға байланысты онлайн жүйесінде оқыту үшін міндетті және қажетті болып отырған жаңа құзыреттерге, оның ішінде цифрлық құзыреттіліктерді меңгеруге байланысты мәселелерге арналған.

Мақалада тақырыпта берілген негізгі ұғымдар, олардың ішінде педагогтың алдында,  бүгінгі өмір жағдайына байланысты туындап отырған  цифрлы технологияларды тез арада меңгеру  талабына сай болуы, сонымен қатар, жаңа жағдайда жұмыс істеу үшін өз құзыреттіліктерінің көлемін кеңейту мәселелері де қарастырылған. Ерекше көңіл бөлінген аспектілер: «құзыреттілік», «цифрлы құзыреттілік», «педагогтардың компьютерлік сауаттылығы мен цифрлы құзыреттілігі» ұғымдарының зерттелу деңгейлері.

Сонымен қатар, білім беру қызметін табысты жүзеге асыру үшін педагог талап ететін құзыреттердің топтары берілген және әртүрлі елдердегі цифрлы құзыреттіліктерінің тұжырымдамаларына, шетелдік құзыреттіліктің ұлттық модельдеріне шолу жасалған.

Мақаланың соңында педагогтың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру, дамыту үрдісі және болашақ жас мамандарды заман талабына сай дайындауда жүргізілген  «Bolashaq» Академиясының іс-тәжірибесі  берілген.

Жүктеулер

Жарияланған

2021-12-27

Жоба

Раздел

Статьи