ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖОБАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ТҮРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.63.4.013Кілт сөздер:
жаратылыстану ғылымдары, ғылыми-зерттеу жұмысы, жоба әдісі, әдіс-тәсіл, топтық жұмысАннотация
Мақалада жаратылыстану бағытында білім беруде тірі табиғат объектілерді зерттеуге арналған ғылыми-еңбектерге талдау жасалынып, оқушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастырудың негіздері айқындалған. Оқушылардың жобалық іс-әрекеті арқылы биологиялық білім беруде ғылыми зерттеу тәсілдері ұсынылған. Зерттеушілік іс-әрекеттерді қолдануда жоба әдісін қолданудың барысы мен зерттеу жұмысының ұйымдастырылу кезеңдері көрсетілген. Жоба әдісін сабақ барысында, сабақтан тыс уақытта жүргізудің әдістері, жоба нәтижесін шығару, бағалау критерийлері, сабақ кезеңдері талданған. Жоба жұмысын орындауда білімгердің бойында ізденіс әрекетін ұйымдастыру, проблеманы тану және оны шеше білу дағдысын қалыптастыру жұмыстары жетілдірілген. Мақала жобалап оқыту арқылы білімалушылардың игерген теориялық білімі мен практикалық іскерлігін, ізденушілік қабілетін арттырудағы рөлі көрсетілген. Аталған әдіс түрін бірнеше педагогикалық оқыту әдістерімен кешенді түрде іске асырылуының әдістемесі талданған.