XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Автор(лар)

  • Орынбаева Д.Г. КазНПУ имени Абая
  • Сатемирова Д.А.
  • Абитова Ж.С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.75.4.031%20%20

Кілт сөздер:

ХХІ ғасыр әдебиеті, қазіргі қазақ әдебиеті, әдебиетті оқыту, оқыту әдістемесі, қазіргі қазақ прозасы, қазақ поэзиясы, тереңдетілген әдебиет, көркем шығарма, қазақ және әлем әдебиеті, жаңа жанр.

Аннотация

XXI ғасыр, яғни, жаңа заманның қазақ аудиториясы – қазақ жастары ғаламтордың жойқын күшіне қарамастан, кітап оқуға құмар. Мектеп оқушылары, жоғарғы оқу орындарының студенттері немесе еңбек жолын енді бастаған жас мамандар болсын түрлі бағытта, қилы жанрда кітап оқиды. Өзін дамыту, интеллектісін көтеру, жан-жақтылығын қалыптастыру – қазіргі жастардың басым көпшілігінің таңдауы. Бірақ оқырман жастар арасында қазақ әдебиетінің төл туындыларын оқитындар сирек кездеседі. Шет ел әдебиеті, манга, детектив жанрлары басымдыққа ие. Мақалада оқуға құштар жастардың шет елдің туындыларынан бұрын қазақтың, төл әдебиеттің үздік туындыларына деген қызығушылығын арттыру мәселесі қозғалады.

Отандық әдебиетке деген қызығушылықты ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қалыптастырған дұрыс. Осы орайда, ғылыми зерттеудің мақсаты – Абай мектептері желісінің педагогтары мен оқушыларына зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушы танымына сай келетін, қызығушылығын арттыратын жаңа ғасыр туындыларын анықтау, оларды оқытудың әдістемесін жасаудың қажеттілігін дәлелдеу, педагогтарға пайдалы ұсыныстар дайындау.

Мақалада қазақ әдебиетін оқытуға байланысты отандық және шет елдік ғалымдардың іргелі еңбектері сараланады. Әдебиетті оқыту әдістемесіне қатысты тұжырымдар айтылады. Зерттеу, әңгімелесу, сауалнама алу, сұхбат, салыстыру нәтижелері синтезделіп, анализ жасалады. Қазіргі оқырманның қызығушылығына ие көркем шығарма жанрлары іріктеледі. Қазақ прозасы мен поэзиясындағы мазмұн, пішін, түр, құрылым тұрғысынан еніп жатқан жаңалықтар сарапталып, мектеп бағдарламасына енгізуге ұсынылады.

Сонымен қатар, педагогтар нені және қалай оқытуды анық білуі қажет деген мақсатта педагогтарға арналған ұсыныстар әзірленді.

(«AP19176992 XXI ғасырдағы қазақ әдебиетін мектеп оқушыларына оқыту әдістемесі (Абай мектептері желісі бойынша)» жобасының аясында жүргізілген зерттеулер бойынша)

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Статьи