АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ЖЕТІЛДІРУГЕ АРНАЛҒАН САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.75.4.019Кілт сөздер:
сандық технологиялар, оқыту әдісі, проблемалық оқыту, кейспен топтық оқыту, практикалық сабақ, белсенді әдістер, оқу жүйесі, топтық оқытуАннотация
Сандық технологиялар саласындағы тұрақты инновациялар оқытудың жаңа әдістерімен стратегиялар енгізуді ынталандыратындықтан, зерттеу тақырыбы өзекті болып саналады. Жасанды интеллект, бейімделген оқыту жүйелерімен үлкен деректерді талдауды енгізу білім беру үдерісін жекелендіру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл мақалада студенттерді зерттеуге, модельдеуге, бағалауға, шығармашылық және коммуникативтік әрекеттерге тартатын проблемалық, кейс және топтық оқыту әдістері қарастырылады. Жұмыстың мақсаты – қолданыстағы белсенді оқыту әдістерін зерттеу және олардың сандық платформалармен құралдарды пайдалана отырып, ағылшын тілін оқытудағы рөлін анықтау. Осы мақсатқа жету үшін зерттелетін мәселе бойынша әдебиеттерге шолу және сандық құралдарды (Mentimeter, YouTube, Ted-Ed, Microsoft Power BI, ChatGPT, YouTube, Quizlet) пайдалана отырып сабақтарды өткізуге арналған практикалық материалдар ұсынылады. Сандық құралдардың әрқайсысы сабақтарды ұйымдастыру және өткізу, мұғалімдермен студенттер арасындағы бірлескен іс-шараларды жоспарлау, керібайланысты қамтамасыз ету және сандық білім беру ортасын құру үшін қолданылады. Теориялық және практикалық талдау нәтижелері бойынша сандық құралдардың рөлі мен ағылшын тілін оқытудың белсенді әдістерінің тиімділігі анықталады.