БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА ПЕДАГОГТАРЫН STEM ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ДАЯРЛЫҚТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ: СУРЕТШІ РОБОТТЫ ҚҰРУ ӘДІСТЕМЕСІ

Автор(лар)

  • Рахметов М.Е. Х.Досмұхамедов атындығы Атырау университеті
  • Жусупкалиева Г.К. Х.Досмұхамедов атындығы Атырау университеті
  • Куанбаева Б.У. Х.Досмұхамедов атындығы Атырау университеті
  • Салтанова Ғ.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.75.4.020

Кілт сөздер:

STEM білім беру, цифрлық оқыту, ЖОО-ғы білім беру үдерісі,, информатика педагогтарын даярлау, жаратылыстану,, инженерия, робототехника, ғылым

Аннотация

Білім мен ғылым дамыған сайын қоғамның талғамы мен жаңа технологияларға деген көзқарасы өзгеруде. Сондықтан STEM технологияға деген қызығушылық және қоғамға деген қажеттілік арттырып келеді. Осы орайда STEM технологиясы бойынша болашақ информатика педагогтарын даярлау қазіргі уақытта өзекті болып табылады. Себебі, цифрлық технологиялар білім беру мен кәсіби қызметте маңызды рөл атқарады. STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) білім алушылардың сыни ойлау, проблемаларды шешу, коммуникация және ынтымақтастық дағдыларын дамыту мақсатында осы пәндерді біріктіруді қамтиды. Бұл болашақ мамандарды даярлауда ескеретін өзекті мәселе. Мақалада бүгінгі таңдағы маман даярлау ісіндігі STEM негізінде білім беру мен жүзеге асыру және оны оқытудың интеграциялық құралы төңірегіндегі мәселелер талқыланады. Авторлар дүние жүзінің ЖОО-ғы информатика педагогтарын дарялау бойынша STEM негізінде білім берудің ерекшеліктері туралы ой қозғайды. STEM негізінде информатика педагогтарын даярлау білім алушылардың ғылымға және инженерлік технологияларға деген қызығушылығын арттыратындығын мақаланың мазмұнынан айқын көруге болады. Себебі болашақ мамандарды оқыту үдерісінде байқалған студенттердің сабаққа деген қызығушылығы және уақытқа тәуелсіз жұмыс істеуі ғылым мен инженерлік технологияларға деген жоғары көзқарасының қалыптасқандығын аңғартады. Авторлар студенттерге қоғам талабына сай заманауи технологияларды меңгерту арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға болатындығын көздейді. Бұл жәй ғана оқыту емес білім алушылардың бойында шығармашылық дағдыларды қалыптастыруға алып келеді. Сондай-ақ, болашақ информатика педагогтарының STEM негізінде роботтарды құру мен оқыту тиімділігі және болашақ кәсіби бағытында алған білімдерін қолдана алу перспективалары қарастырылды.

Мақала AP19678865 «Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығында STEM технологиялары негізінде физикалық есептерді шешуді үйрету процесін оңтайландыру» жобасын орындау аясында дайындалды.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Статьи