ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСІ - СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.74.3.023Кілт сөздер:
көркем әдебиет, көркем мәтін, дәстүрлі оқыту, проблемалық оқыту, проблемалық жағдаяттар, әңгімелерді ЖОО-да оқыту әдістемесі, әдебиетті оқыту әдістемесі, оқытудың заманауи технологияларыАннотация
Бұл мақалада жоғары оқу орындарында әдебиет сабағында студенттерді оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін іздестіру, заманауи технологияларын қолдану мәселесі қозғалады. Қазіргі педагогика ғылымының әдіснамалық саласында әңгімелерді оқыту әдістемесіне үлес қосу, қазақ әдебиеті шығармаларын жоғары оқу орнында оқытудың мәселелерін қарастыру және әдебиетті оқытудағы проблемалық оқыту әдісінің тиімділігін көрсету көзделеді. Зерттеудің мақсаты – әдебиет сабақтарында проблемалық оқытуды қолдану мүмкіндіктерін анықтау.
Мақаланың ғылыми маңыздылығы – зерттеуде алынған нәтижелер қазақ әдебиеті шығармаларын проблемалық оқыту әдісіне байланысты тұжырымдамаларды толықтырады. Мақаланың практикалық мәні – бұл зерттеулерді жоғары оқу орындарында қазақ әдебиеті шығармаларын оқыту тәжірибесінде қолдануға болады.
Мақалада проблемалық оқыту және оқытуда проблемалық жағдаяттарды құру бойынша педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттер зерттеліп, талданды; студенттің дамуына ықпал ететін проблемалық жағдаяттарды құрудың ең тиімді жолдары мен әдістері іздестірілді. Бұл тақырыпты ашу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: бақылау, сауалнама және эксперименттік оқыту. Қазақ әдебиеті пәні бойынша 50 болашақ мұғалім-респонденттері проблемалық оқытуды қаншалықты жиі қолданатынын, білім алушыға сабақ беру барысында әртүрлі әдістерді қолдана отырыпанонимді онлайн сауалнама жүргізу арқылы зерттеуге қатысты.
Педагогикалық университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру барысында білім алушылардың қызығушылығын арттыру үшін көркем мәтінді түсіну үшін сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру өте маңызды.
Мақаланың практикалық маңыздылығы ретінде теориялық және практикалық материалдардың қолданылуын, білім алушылардың тақырып бойынша семинарларға дайындала алуын, оқытушылардың әдебиет сабақтарында қолдана алуын айта аламыз.
Зерттеу проблемалық оқыту заманауи оқыту стратегиясы ретінде студенттердің әдебиет сабағында танымдық әрекетін белсендіруге мүмкіндік беретінін көрсетті. Бұл студенттерді мәселеге танымдық көзқарасы бар тұрғыдан қарайтын субъект позициясына қояды, сонымен бірге олардың шығармашылық дағдыларын және мәтінді түсінуге сыни көзқараспен қарау дағдысын дамытады.