МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАЛАРДЫҢ ДАМЫТУШЫ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ЗИЯТКЕРЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.74.3.029Кілт сөздер:
зияткерлік даму, ересек жас балалар, дамытушы ойындар, мектепке дейінгі кезең, мектеп жасына дейінгі балалар, ақыл ой тәрбиесі, зейін, есте сақтау қабілеті, зияткерлікАннотация
Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік дағдысын қалыптастырудың теориялары негізделіп, практикалық тұрғысынан тәжірбие нәтижесі арқылы көрсетілген. Мектепке дейінгі кезеңде баланың зияткерлік дағдыларының қалыптасуы мен дамытушы ойындар арқылы арттыра түсудің мүмкіндіктерін ашып көрсеткен. Зият пен зияткерлік ұғымы қазіргі таңда кеңінен қолданыста және өзекті тақырыптардың біріне айналуда. Заманның технологиялық қарқынды дамуы мен жаhандану кезеңіне сай, демографиялық өсуге сәйкес біздің қоғамда жаңадан өзгерістер байқалуда. Соған орай өскелең ұрпақ бойында болуға тиіс білік пен дағды түрлері де арта түсуде. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда баланың физикалық, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту арқылы бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мәселесі басты назарда.
Бала төрт пен бес жас аралығында маңызды кезеңді басынан өткізетінін, қабылдауы мен жаңаны үйренуге деген құлшынысын автор ғылыми түрде негізделіп көрсетілген теорияларын атап, бала бойында зияткерлік дағдыларын қалыптастырудың эксперименттік-эмпирикалық зерттеуі мен ұйымдастырылудың ерекшеліктері қарастырылып, эксперименттік зерттеу нәтижелері сандық және сапалық тұрғыдан талданады.
Мақалада ересек топ балаларының зияткерлік дағдысының дамуына тиімді құралдар ретінде дамытушы ойындардың тізімі көрсетілген. Қазақстан Республикасынын білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен тұжырымдама негізінде жазылған және зияткерлік дағдының дұрыс ұйымдастырылуы үшін бала бойында физиологиялық дамудың заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу қажет. Мақалада атап өткендей, сенсорлық тәрбие мазмұны мен әдістерін талдауға керекті қабылдау мен түйсіктің дамуын, логикалық ойлауының қалыптасу реттілігін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, мектепке дейінгі ересек топ балаларының зияткерлік дағдысын қалыптастыруда дамытушы ойындардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтаған.