ШЕТ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ КООПЕРАТИВТІ КОММУНИКАЦИЯ

Автор(лар)

  • Онгельдиева C.М. КазУМОиМЯ им. Абылай хана
  • Чакликова А.Т.
  • Фролова Н. М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.75.4.016

Кілт сөздер:

кооперативтік коммуникация, кооперативтік коммуникативтік дағдылар, болашақ шет тілі мұғалімі,, кооперативтік оқыту, ынтымақтастықта оқыту, шағын топтарда оқыту, АКТ-технологиялар, мобильді қосымшалар

Аннотация

Бұл мақалада жоғары білім берудегі шет тілді білім беру процесінде кооперативті коммуникацияның мәні және қоғамдық сұранысты қанағаттандыру үшін командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту қажеттілігі ашылады. Авторлар «Кәсіби-бағдарланған шет тілі» және «Арнайы кәсіби шет тілі» пәндері бойынша болашақ шет тілі мұғалімдері болатын студенттермен сабақтарда кооперативтік коммуникацияны іске асыру үшін қолайлы орта құруда Cooperative Learning (ынтымақтастықта оқыту) технологиясының рөлін негіздейді. Бұл технология оқытудың жеке және топтық мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет болып саналады және қолдау, өзара тәуелді және өзара тиімді білім беру ортасы үшін мүмкіндікті болжайды. Авторлар шет тілін оқыту процесінің мотивациялық компонентінің, оның ішінде топтық жұмыстың маңыздылығын анықтайды. Мақалада Google Tools, WhatsApp және Kahoot.it онлайн платформалар сияқты аралас оқыту жағдайында студенттер арасында танымал мобильді қосымшаларды қолдана отырып, 3-ші оқу жылындағы студенттердің кооперативті-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру бойынша эксперименттік оқыту нәтижелері тұжырымдамалық-когнитивтік, ақпараттық-аккумулятивтік, прагматикалық-репрезентативтік және контекстік-коммуникативтік кезеңдері реттілігінде ұсынылады. Студенттердің қарым-қатынаста байланыс орнату, әңгімені қолдау, жанжалды реттеу (алдын-алу), өзара тиімділік үшін манипуляция жасау кооперативті стратегия дағдыларын дамытуға әрекет жасалды. Онлайн ойынмен оқыту платформасы Kahoot.it топтық жұмыс түрінде үйренген материалды тексерудің қызықты құралы болып табылады, ал Google documents, Google Presentation мобильді қосымшалары рөлдерді талқылап, топтық жұмыстың жауапты бөлігін бөлгеннен кейін топтық тапсырманы орындау үшін онлайн режимінде мәтіндік файлдарды бірлесіп құру және редакциялау мүмкіндіктерін ашады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Статьи