ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДАҒЫ ЧАТ-БОТТАРДЫҢ РӨЛІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.77.2.031Кілт сөздер:
чат-боттар, интеллектуалды оқыту жүйелері, жасанды интеллект, білім беру процесі, болашақ информатика мұғалімдері, жекелендірілген оқыту, виртуалды тәрбиеші, тиімділікАннотация
Мақала жасанды интеллект технологияларына негізделген интеллектуалды оқыту жүйелерінің функционалдығын арттырудағы чат-боттардың рөлін зерттеуге арналған. Чат-боттардың әлеуеті асинхронды және қашықтықтан оқытуда адаптивті, жекелендірілген және интерактивті қолдауды қамтамасыз ететін виртуалды тәрбиешілер ретінде қарастырылады. Жұмыс жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасын қоса алғанда, білім беруді цифрландыру талаптарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелерімен өзектендірілді (2024-2029 жылдар). Негізгі мақсат-болашақ информатика мұғалімдерін чат-боттарды жобалау мен қолдануға үйрету бойынша оқу құрылымын әзірлеу. Зерттеу чат-боттарды білім беру ортасына біріктірудің қиындықтары мен мүмкіндіктерін талдауды, сондай-ақ педагогикалық кадрларды даярлау үшін тиімді жасанды интеллект технологияларын анықтауды қамтиды. Чат-боттың білім беру ортасындағы тиімділігін бағалау, веб-әзірлеуге, API интеграциясына және табиғи тілді өңдеуге білім алушылардың техникалық дағдыларын жетілдіретін педагогикалық эксперимент ретінде жүргізілді. Әлемдік тәжірибелердегі чат-боттың білім беру жүйелеріне әсерін, сонымен қатар жасанды интеллект технологиялары арқылы жүзеге асыру әдістеріне талдау жасалынды. Еліміздегі құқықтық-нормативтік құжаттардың өзектілігі негізделді. Сондай-ақ, мақалада қазіргі заманғы цифрлық білім беру талаптарына сәйкес келетін болашақ информатика мұғалімдерінің жаңа кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру қажеттілігі көрсетілген. Ұсынылған оқыту құрылымы студенттердің чат-боттарды жобалау, енгізу дағдыларын дамытуға бағытталған, бұл олардың білім беру ортасының онлайн және гибридті форматтарында жұмыс істеуге дайындығына ықпал етеді. Нәтижелер жекелендірілген оқытудағы чат-боттардың трансформациялық әлеуетін көрсете отырып, білім берудегі жасанды интеллект саласының өсуіне ықпал етеді. Gemini жасанды интеллект технологияларының білім беру тәжірибесін өзгертудегі әлеуетін көрсетуге бағытталып негізделген.