НЕГІЗГІ МЕКТЕПТІҢ ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫНДА НАНО-ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.80.1.030Кілт сөздер:
нано-оқыту, оқыту жүйесі, білім беру процесі, мектеп математикасы, геометрия курсы, білім беруді цифрландыру, геометрияны оқыту әдістемесі, нано-сабақтарАннотация
Қазіргі білім беру кеңістігінде цифрландыру үдерісінің қарқынды дамуы оқыту технологияларын жетілдіруді және жаңа әдістерді енгізуді қажет етеді. Негізгі мектептегі геометрия курсын оқыту тәжірибесі көрсеткендей, білім алушылардың теориялық ұғымдарды меңгеру деңгейі мен оларды практикалық жағынан қолдану мүмкіндігі жеткілікті дәрежеде қалыптаспай отыр. Бұл жағдай білім алушылардың пәнге деген қызығушылығының төмендеуіне әкеліп, зерттеу проблемасын айқындайды. Зерттеудің мақсаты – негізгі мектептің геометрия курсында нано-оқыту технологиясын қолданудың теориялық негіздерін айқындап, оның ерекшеліктерін сипаттау.
Осы мақсатқа сәйкес мақалада аталған технологияны геометрия пәнінде пайдаланудың теориялық және әдістемелік қырлары қарастырылады. Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері талданып, нано-оқытудың мазмұндық құрылымы мен тиімділігі сараланды. Нано-оқыту технологиясы (Nano-learning) – ақпаратты шағын нано-блоктар түрінде ұсыну әдісі, ол білім алушылардың белсенділігін, материалды қабылдау жылдамдығын арттыруға бағытталған. Оқытуда қарастырылатын нано-блоктар білімнің белгілі бір бөлігін қамтиды. Авторлар білімді нано-блоктар арқылы шағын әрі жүйелі фрагменттермен беру білім алушылардың зейінін шоғырландыруына, ақпаратты жеңіл қабылдауына және функционалдық сауаттылығын дамытуына ықпал ететінін атап көрсетеді.
Осылайша, геометриядағы күрделі ұғымдарды визуалды, анимациялық және интерактивті әдістермен ұсыну арқылы білім алушылардың когнитивтік қабілеттерін жетілдіру жолдары ұсынылған. Зерттеу нәтижесінде геометрия курсын нано-капсулаларға бөлу моделі жасалып, оқу процесін жекелендіру мен тиімді ұйымдастырудың нақты тәсілдері айқындалды. Мақалада негізгі мектеп тәжірибесінде нано-оқыту технологиясын қолданудың теориялық негіздері айқындалып, оның қазіргі білім беру талаптарына сәйкестігіне және ерекшеліктеріне қатысты ғылыми тұжырымдар ұсынылады.





