МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ «ТРИГОНОМЕТРИЯ» БӨЛІМІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНМЕН БЕРІЛГЕН ЕСЕПТЕРМЕН БАЙЛАНЫСТЫРА ОҚЫТУ

Автор(лар)

  • Кокажаева А.Б. Казахский национальный женский педагогический университет
  • Байкадыр, Г.А. Казахский национальный женский педагогический университет
  • Бергенжанова Г.Р. Ғ.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.77.2.036

Кілт сөздер:

тригонометрия, экологиялық мазмұн, пәнаралық байланыс, мектеп математикасы, модельдеу, аналитикалық ойлау, табиғи құбылыс, білім беру

Аннотация

Мақалада мектеп бағдарламасындағы математика курсындағы «Тригонометрия» бөлімін экологиялық мазмұнда берілген есептер арқылы оқытудың маңыздылығы қарастырылады. Сонымен қатар, математика сабақтарына экологиялық мазмұнмен берілген есептерді кіріктіре оқыту — қазіргі заман талабына сай білім берудің маңызды аспектілерінің бірі болып отыр. Тригонометрияның табиғаттағы құбылыстарды өлшеу мен модельдеудегі рөлі, мысалы, ағаштардың биіктігін анықтау, жердегі су деңгейінің өзгерісін бақылау секілді практикалық есептер арқылы түсіндірілген. Атап айтқанда, оқушыларға математиканың күнделікті тұрмыста қолданылуын көрсетумен қатар, олардың мектеп қабырғасында алған теориялық білімдерін өмірде қолдануға мүмкіндік беретін бағыттардың бірі екендігін көруге болады. Демек, экологиялық есептерді шешуде тригонометриялық әдістерді пайдалану оқушылардың нақты әлемдегі экологиялық мәселелерді модельдеу және түсіндіру қабілеттерін дамытады. Мұндай тәсіл оқушылардың табиғатты қорғауға саналы жауапкершілігін арттырады.

Мақаланың басты мақсаты — оқушыларды математикадан алған білімдерін нақты өмірде қолдана білуге, қоршаған ортаның түрлі мәселелерін тригонометрия әдістері арқылы шешуге баулу. Бұл, өз кезегінде, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың экологиялық сана-сезімінің оянуына ықпал етеді. Экологиялық есептерді пайдалану білім беруді өмірмен, нақты әлем мәселелерімен тығыз байланыстыруға мүмкіндік береді.

Тригонометрия бөлімін экологиялық мазмұндағы есептермен байланыстыра оқытудың маңыздылығы білім алушылардың аналитикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуда құнды. Бұл тәсілдің маңыздылығы, оның оқушыларға жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста кешенді білім беруге қабілеттілігінде.

Оқушылар жаңартылған әдіс-тәсілдердің көмегімен экология мен математика арасындағы байланысты түсініп, бұл білімді келешекте қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуды қолдау шараларында пайдалана алады. Осылайша, тригонометрияны экологиялық мазмұнмен оқыту болашақ ұрпақтың интеллектуалдық дамуына ғана емес, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-27

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles