БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ РУХАНИ-КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: Ш.МҰРТАЗА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.77.2.021%20%20%20Кілт сөздер:
рухани-көшбасшылық, құзіреттілік, кәсіби маман, ұлттық тәрбие, құндылық, педагогикалық идеялар, тұлға, жазушылық, көркем шығарма, жоғары білім, тәжірибеАннотация
Қайсыбір қоғам болмасын, көшбасшылық құзіреттіліктер өте маңызды. Осы орайда, болашақ мамандардың рухани-көшбасшылық құзіреттіліктерін қалыптастыру, жалпықазақстандық ортақ идеялар мен жоғары білім берудің өзекті мәселелерімен ұштастыра зерттеу мақаланың басты арқауы болып саналады.
Мақалада Ш.Мұртаза шығармашылығы негізінде және жаңаша идеялар мен қоғамдық сұраныстар бойынша болашақ мамандардың рухани-көшбасшылық кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастырудың маңыздылығына талдау жасалып, педагогикалық өлшем көрсеткіштерін айқындау мақсаты көзделеді.
Олай болса, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру мен қоғамдық сананы жаңғырту процесінің басты субъектісі ретінде – болашақ мамандарды ала отырып, олардың рухани көшбасшылық құзіреттіліктерін ұлттық негізде қалыптастырудың маңыздылығы ғылыми негізделеді. Болашақ кәсіби мамандардың рухани-көшбасшылық құзіреттіліктерін қалыптастырудың басты өлшем көрсеткіштеріне талдау жасалып, анықталады.
Мақаланың ғылыми жаңашылдығы Шерхан Мұртаза шығармашылығын негізге ала отырып, кең көлемде зерделеу арқылы адамзат үшін өте қажетті құндылықтар әлемінің жаңаша сипаты мен Жаңа Қазақстан үшін ауадай қажет адал азаматтардың рухани-көшбасшылық құзіреттіліктерін ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастыруды ғылыми негіздеуден айқын танылады.
Шындығында, жазушы тек көркем шығармалар жазып қана қойған жоқ, ұлтының шын жанашыры болды. Елі оны мақтан тұтты, осы себепті де, оның әрбір тұжырымдарының өмірлік дерегі мол, педагогикалық маңызы терең.
Зерттеудің нәтижелері болашақ мамандар ғана емес, әрбір тұлға үшін рухани-көшбасшылық құзіреттіліктердің маңыздылығын, оның ішінде Шерхан Мұртазаның қоғамдық қызметі мен қайраткерлік тұлғасы – үлкен үлгі-өнеге мектебі екендігін көрсетеді. Өмірлік тәжірибесінен жинақталған толғамдары мен ұлтқа деген қалтқысыз сүйіспеншілігін болашақ мамандардың рухани-көшбасшылық құзіреттіліктерін қалыптастырып қана қоймай, жалпы рухани жетілген, парасаттылықпен ұштасқан қасиеттерге ие тұлға тәрбиеленетіні ғылыми талданады. Зерттеу жұмысының қорытындысы, яғни, болашақ ұрпақтың, оның ішінде кәсіби мамандардың рухани-көшбасшылық құзіреттіліктерді дамытудағы рөлін көрсету, концептуалды тәрбиелеудегі маңызы мен педагогикалық тұжырымдарын талдап, мазмұндық ерекшеліктерін ашу – оның ғылыми және практикалық маңызын нақтылады.