POSSIBILITIES OF USING ARTIFICIAL INTELLIGENCE TOOLS IN THE PROCESS OF PRIMARY EDUCATION

Автор(лар)

  • Есентаева Б.У. КазНПУ имени Абая
  • Нұржанова С.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.032%20%20

Кілт сөздер:

бастауыш білім беру үдерісі, болашақ бастауыш білім педагогтері, жасанды интеллект (ЖИ), жасанды интеллект құралдары, белсенділік, арттыру, цифрлық білім, ChatGPT

Аннотация

Мақалада жасанды интеллект элементтерін бастауыш білім беру үдерісінде қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орнындағы «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының жоғары курс студенттеріне жасанды интеллект элементтерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту қажеттілігін көрсетеді.

Сонымен қатар, мақалада жасанды интеллекттің артықшылықтары да қарастырылады. «Жасанды интеллект» ұғымына анықтама беріледі. Бұл мәселені зерттеген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалған.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» бағдарламасының 3 және 4 курс студенттерімен жүргізілген бақылау және сауалнама нәтижелері ұсынылады. Зерттеу нәтижесінде жасанды интеллект элементтері студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттыратыны анықталды.

Сонымен қатар, бастауыш білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктерін көрсететін арнайы курстардың қажеттілігі анықталды. Сауалнама нәтижелері SPSS компьютерлік бағдарламасы арқылы өңделіп, ұсынылады.

Зерттеу қорытындысы бойынша болашақ бастауыш білім беру педагогтеріне жасанды интеллект құралдарын үйретуге бағытталған арнайы курсты әзірлеу жөнінде ұсыныс жасалды.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles