БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АЙТЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.027Кілт сөздер:
айтылым дағдысы, цифрлық технология, бастауыш білім беру, интерактивті тақта, әдістемелік модель, онлайн платформа, жасанды интеллект, бейнематериалАннотация
Қазіргі таңда білім беру саласында цифрлық технологиялардың дамыған кезеңінде білім алушылардың айтылым дағдысын қатар дамыта алу мәселесі кеңейтілген зерттеуді қажет ететіндей ауқымды тақырыптардың бірі. Мақалада бастауыш білім беру үдерісінде цифрлық технологиялардың білім алушылардың айтылым дағдыларын дамытуға қаншалықты ықпал ететіндігін анықтау барысында авторлық әдістеме әзірленді. Ал, әдістеменің тиімділігін анықтау мақсатында тәжірибелік және бақылау топтарына зерттеулер жүргізілді.
Зерттеуге Шымкент қаласындағы жалпы білім беретін мектептен ортақ саны 50 білім алушы қатысты. Тәжірибелік сыныпта 25, бақылау сыныбында 25 білім алушыны құрады. Зерттеу барысында білім алушылардың цифрлық технологияларға көзқарасын анықтау мақсатында Likert шкаласына негізделген авторлық сауалнама жүргізілді және айтылым дағдысының деңгейін бағалау үшін Т.А. Фотекова ұсынған «Сөздерден сөйлем құра» әдістемесі алынды. Авторлық сауалнаманың ішкі үйлесімділігі Cronbach’s alpha көрсеткіші арқылы бағаланды. Анықтау және бақылау кезеңінде SPSS бағдарламасы арқылы зерттеу нәтижелері жинақталды. Айтылым дағдысы бойынша әдістеме нәтижелері pre-post өлшемдері арқылы бағаланды. Тәжірибелік топқа оқыту айтылымды дамытуға арналған цифрлық технологияларға негізделген әдістемемен жүзеге асырылса, бақылау тобында оқыту дәстүрлі түрде жүргізілді. Қалыптастыру кезеңіндегі жүргізілген жұмыстардан соң бақылау тобы мен тәжірибелік топтың арасындағы айтарлықтай айырмашылықтар болғандығы және тәжірибелік топта айқын өзгерістердің орын алғаны байқалды. Нәтижесінде, тәжірибелік топта статистикалық мәнді көрсеткіштер анықталды. Зерттеу соңында бастауыш білім беру үрдісінде айтылым дағдысын дамыту үшін цифрлық технологияларға негізделген әдістемені қолдану барысында нәтижелердің жақсарғаны расталды.





