«STEM» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА ПЕДАГОГТАРЫН ДАЯРЛАУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.68.1.006Кілт сөздер:
STEM білім беру, информатика педагогы, оқыту әдістемесі, даярлау, пәнаралық байланыстар, «STEM» білім беру бағдарламасы, дидактикалық шарт, кәсіби педагогикалық құзыреттілікАннотация
Әлемнің тез өзгеріп жатқан көрінісі, жаппай жаһандану және білім беруді тез ақпараттандыру, әлемдік білім беру кеңістігіндегі интеграция, мемлекет пен қазіргі қоғам жағдайында, педагогтың жеке басына қойылатын талаптарымен қатар білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттырудың маңызы зор. Олардың ішінде болашақ информатика педагогтарын кәсіби даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. «STEM» білім беру бағдарламасы негізінде болашақ педагогикалық кадрларды даярлау, әрі педагог мамандығының беделін және олардың сапалық құрамын арттыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл информатика ғылымының өзінің де, қазіргі кезде кеңінен тараған электронды және қашықтан оқыту жағдайында информатиканың оқу үдерісінде тікелей зерттеліп, белсенді қолданылып жүрген ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың да қарқынды дамуымен, сонымен қатар информатика курсының мазмұны мен оны оқыту әдістемесінде тікелей көрініс табатын қазіргі білім беруді дамытудың әлемдік тенденциялары. Осының барлығы болашақ информатика педагогының кәсіби даярлығын арттыру қажеттігін көрсетеді.
Мақалада «STEM» білім беру бағдарламасы негізінде болашақ информатика педагогтарды даярлаудың дидактикалық шарттары туралы мәліметтер берілді. Болашақ информатика педагогтарды STEM білім беруді жүзеге асыру мүмкіндіктерін зерттеуге, информатика кабинетінде STEM білім беруді ұйымдастыру үшін заманауи педагогикалық және ақпараттық технологиялардың сәйкес құралдарын таңдауға, информатика педагогтардын осы қызметке әдістемелік даярлауға арналған инновациялардың, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда IT технологияларды пайдалануға даярлау, жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамытуды көздейді.
Зерттеу мақсатымыз «STEM» білім беру бағдарламасы негізінде болашақ информатика педагогтарын даярлаудың дидактикалық шарттарын ұсыну және оның тиімділігін ашып көрсету болып табылады.
Педагогтарды STEM білім беруді жүзеге асыруға даярлау олардың кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің маңызды және қажетті компоненті ретінде электрондық білім беру ресурстарын құруға және пайдалануға дайындығын қамтамасыз етеді және шығармашылық қабілеттін арттырады.