ШЕТЕЛ СТУДЕНТТЕРІНІҢ МӘДЕНИАРАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ЛИНГВОЕЛТАНЫМДЫҚ АСПЕКТ

Автор(лар)

  • Шериева Г.Т. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Сулейменова Ж. Н.
  • Сатбекова А.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.70.3.008

Кілт сөздер:

Қазақ тілі, лингвоелтану, жоғары білім, технология, ақпарат, ғылым, студент, әдіс

Аннотация

Қазақ тілін сапалы оқыту – бүгінгі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі. Әсіресе, төл тілімізді оқытуға бейінделген әртүрлі бағыттар өз алдына профессорлар мен педагогтардың тарапынан қолдау тауып, білім беру жүйесінде айтулы құралға айналып отыр. Тілді оқытуда мемлекетіміздің қозғаушы күші жастарды отан сүйгіштікке, елтануға, мәдениеттануға, толеранттыққа баулитын, бүгінде ерекше сұранысқа ие болып отырған бағыттардың бірегейі лингвоелтану болып отыр.

Лингвоелтану – тілді классикалық түрде ғана оқытып қоймай, сонымен қатар, тіл меңгеруді мақсат еткен тіл иелеріне сол халықтың тарихы мен мәдениеті, әдеп ғұрпы, дәстүрі, салты жайлы толық мәлімет беретін бағыт. Мақаланың мақсаты - лингво-елтаным бағытта оқытудың ерекшелігі студенттің таным деңгейін кеңейтіп, тілдік құралдарды игеру, қолданумен қатар, ұлттық бәсекелестіктің сапалы білім алуға ақпараттық құзыреттелікті қалыптастыруға кәсіби мүмкіндік беру.  Қанатты сөз, мақал-мәтел, фразеологизмдер негізінде пайда болатын бейнелеу арқылы тілді үйренуші тілдік және қатысымдық ұғымдардың мағынасын түсінеді. Туындаған ұғымдардың мағынасын түсіндіру  барысында тілді үйретуде бірінші орнынға мәдениет емес, тиісінше тіл шығады. Соның арқасында лингвоелтанымдық бағыт қатысымдық құзіреттілікті қамтамасыз ету мақсатында қызмет етеді. Осы мәселелер мақалада жан-жақты қарастырылады.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы қазақ тілін лингвоелтанымдық бағытта оқытудың жаңа қырлары ашып, лингвоелтанымдық бағытқа ғылыми анықтама беріліп, оның қызметі мен ерекшеліктері, нысандары айқындалады. Сонымен қатар, тіл біліміне айрықша еңбек сіңірген профессор-ғалымдардың лингвоелтанымдық бағытқа қатысты ой-пікірлері мен зерттеулері жұмысымызға негіз болады. Мақаланың практикалық маңыздылығы қазақ тілінде білім алушы шетелдік студентке нұсқаулық болатын оқытудың лингвоелтанымдық бағытта дайындалған әдіснамалық негізі ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Жоба

Раздел

Статьи